Здесь и сейчас

Всего статей в разделе: 40
Здесь и сейчас
15.03.2018
Просмотров: 875

Алтын Адамның мекені

Халқымыздың қасиетті мерекесі Амал Күнінен кейінгі ең алғашқы амандасуымыз бүтін түркі жұртының киелі мекені, мыңдаған жылдық тарихымыздың куәсі - Алтын Адамның мәңгілік мекені - Есік мұражайынан басталып, одан әрі Есік гуманитарлық-экономикалық колледжінде жалғасты. Жол Мақсаты - колледж ұжымының Мұхтар Әуезовтің 120 жылдық мерейтойына арналған салтанатты шарасы! Жол Геройы - жастармен кездесіп, көрген-білгенімен бөлісіп, сырласуға асыққан Мұрат Мұхтарұлы Әуез! Жол Cебепкері - киелі өңірдің келелі келешегінің кірпішін қалап жүрген білікті ұстаз, білгір маман, іскер басшы Гүлнар Жошыбаева ханым! Жол Кейіпкері - білім мен түрлі өнерді қатар меңгерген, әңгіменің төркінін түсініп, табиғатын таныған, Мұрат ағаларының әрбір сөзін салмақтай білген оқушы Жастар! Жол Олжасы - Мұхтар Әуезов айтпақшы, жас пен кәріні теңестірген Білім деген бұлаққа қосылған үлес! Жол Қорытындысы - заңғар жазушымыздың 120 жылдық мерейтойының бастауы өткен жылдың басында Қаскелең мәдеиет колледжінен басталып, нүктесін әйгілі Есік қорғандары жатқан, әулие ақсақал Бекен Нұрмұханбетов өмір сүріп, еңбек еткен киелі өңірде қойылуы - ұлы жазушының ұлы жолының жылдан жылға жасарып, жаңарып келе жатқандығының бірден-бір белгісі! P.S. Ел іші - өнер кеніші. Алматы, Астана сияқты ірі қалаларда да мұндай дарынды жастарды, жасампаз ұстаздарды кездестіре бермейсіз. Ұйымдастырған ұстаздарға, өнерлі жастарға мың алғыс!