Здесь и сейчас
Калдыгул Жаныбаева
Шыр етіп осы дүниеге келгелі бергі ғұмырым жол үстінде келеді. Ізденістер мен толғаныстар жолы. Жасым жетпістің бесеуіне келсе де, сол баяғы жолда келемін, көңіл де, жүрек те, сана-сезім де әлі де әлденені іздегендей. Жауабын тапқандай да боласың, бірақ ол бір сағым-сәттер ғана. Қайтадан жол, қайтара іздеу
- дейді Мұрат Мұхтарұлы Әуез Ділім
кітабының Тамшы, бұлақ
атты авторлық қайырылмында.
Бұл жол - өзге жолдан ерек жол. Жауап іздер емес, керісінше сол жауапты берер жол, көңілді қуантып, жүректі жадырататын, сана-сезім сарасын ашып, кеңейтетін жол. Қайтадан емес, қайтара соғып, басыңды иіп, тағзым етер жол. Ескі мен жаңаның тоғысқан жолы. Балаң шақ пен байсал шақты бағымдар жол.
Қасиетті Меркі өңіріне сапар. Халықта Жолаушы жолына жарасар
деген сөз бар. Бұрын оншалықты мәне бере бермеген сөздердің тереңіне бойлау үшін сол жолдан өтіп, сондай жарасымдылықтың куәгері болуың керек екен. Соның үлгісін Маұра аға мен еліміздің белгілі құрылысшыларының бірі, жолдың сәнін келтіріп, салмағын асыратын әңгіменің шебері, ділі тарихшы, атына заты сай Жолдас ағамен болған небір жолжазбаларға бергісіз дәріс дейсіз бе, сұхбат дейсіз бе, пікірталас дейсіз бе, әйтеуір бір толайым толғаудың үзілмес үзеңгілестігінен көргендеймін. Бұл - біздің үш жолаушының Меркіге барар-қайтар жолдағы баянымыз. Әңгіменің негізі - елде, Мұрат Мұхтарұлының Менің Меркімінде
.
Менің Меркім!
дегендегі Мұрат ағаның әдеттегі қасаңдау жүзінде пайда пайда болатын жылылық ауа-райының шуағын шашып жібергендей. Күннің бе екен, әлде өзінің ұлын күткен Ана жердің бе екен, әлде сол ұлдың әңгімесін тыңдауға асыққан Ата жұрттың қызуы ма екен, әйтеуір, елден ерек жылылық жиынға жиналған жасын да, кәрісін де, хакімі мен әкімін де жақындатып жіберді.
Мәдениет үйіндегі ел ақсақалдары, ардақты аналары, бетке ұстар азаматтары мен жалынды жастарымен болған қауышу әңгімелер, аудандық мұражайдағы Мұрат Әуездің өмір жолына арналған бұрыштың ашылуы мен Времен связующая нить
және Ділім
кітаптарының тұсаукесері, одан кейінгі жаңа мектептің ашылу салтанаты, ағаш отырғызу рәсімі, аталарымен бірге суретке түсуге кезекте тұрған бүлдіршіндердің әппақ пейілдері қашанда бірқалыпты, байсалды Мұрат Мұхтарұлының да бала көңілін оятып жібергендей болды. Мұрат ағаның, облыс әкімінің орынбасары Ғалымжан Райылұлының балаларен бірге доп лақтырып, бидің ырғағына қосыла кеткендері осындай әдемі шаралардың өңін одан сайын аша түсті.
Жол туралы, жолаушы туралы, әңгіменің әуін үнемі жол үстінде келемін
деген сөздерден бастайтын Мұрат Мұхтарұлының жол философиясы туралы ұзағынан жазу үшін үлкен дайындық, қажыр-қайрат керек. Мұны алдағы міндет делік.
Дей тұрғанмен, Жолаушыны жол сынайды
деген нақылға сүйенсек, осындай сынның бірінен емес, бірегейінен үш жолаушы да сүрінбей өтті-ау деген сенімдемін.
Үш жолаушыны шаршатпай-шалдықтырмай деген жеріне жеткізген жүргізуші and фотограф Ернат бауырымызға мың алғыс!
-
Здесь и сейчасПоздравления01.01.2021
-
Здесь и сейчасМұхтар Әуезов: Жыл келгендей жаңалық сеземіз28.09.2020
-
Здесь и сейчас25.09.2020
-
Здесь и сейчасОснова национальной модернизации07.09.2020
-
Здесь и сейчасЗамандарды жалғастырған Заңғар!28.08.2020"Профиль" журналына берген сұхбатта әңгіме Абайдың рухани мұраларының өзектілігі хақында өрбіді
-
Здесь и сейчасХалық сенімінен артық күш жоқ23.07.2020Пікір
-
Здесь и сейчасАлматыда Әуезовтің қайтқан күнін еске алды27.06.2020