Здесь и сейчас
Қордың қамқоршылық кеңесінің мүшесі
Toregeldy Sharmanov
10.02.2021
Мінекей, қорымыздың Қамқоршылық кеңесінің мүшесі – Мұрат Әуезов жайлы айтудың кезегі келіп отыр.
Мәкең арамыздағы кішіпейіл, мәдениетті адам. Дипломаттық қызмет атқарғаннан соң, оның істі жүргізуі, түйткіл мәселелерді шешуі, заңға ширақтығы мықты. Еліміздің әдебиеті мен мәдениетіне елеулі үлес қосып келе жатқан тұлға.
Біз Мәкеңмен бірге «Үндемей отыра алмаймыз» деген ұранмен «Азамат» қозғалысын ұйымдастырған болатынбыз. Сенімді досым, замандасым. Оның Времен связующая нить
, Иппокрен
, Уйти, чтобы вернуть
еңбектері лайықты бағасын алды. Бірнеше жыл Қазақстанның Қытайдағы елшілігінде айтарлықтай жұмыс атқарды.
«Жас тұлпар» бейресми жастар қозғалысын ұйымдастырушылардың басында тұрған және «Невада-Семей» қоғамдық қозғалысын басқарушылардың бірі – осы Мәкең.
Ұлы Жібек Жолын зерттеу мен дамытуға қосқан үлесі үшін ЮНЕСКО-ның қола медалімен марапатталды. Бүгінде Мұхтар Әуезов атындағы Халықаралық қорды басқарады.
Мәкең халықпен етене жақын. Алдағы бірлесе атқаратын жұмыстың оң бағытта болуына, елге пайдасы зор жобалардың құрылуына Мәкеңнің біліктілігі, тәжірибесі керек-ақ.
-
Здесь и сейчасПоздравления01.01.2021
-
Здесь и сейчасМұхтар Әуезов: Жыл келгендей жаңалық сеземіз28.09.2020
-
Здесь и сейчас25.09.2020
-
Здесь и сейчасОснова национальной модернизации07.09.2020
-
Здесь и сейчасЗамандарды жалғастырған Заңғар!28.08.2020"Профиль" журналына берген сұхбатта әңгіме Абайдың рухани мұраларының өзектілігі хақында өрбіді
-
Здесь и сейчасХалық сенімінен артық күш жоқ23.07.2020Пікір
-
Здесь и сейчасАлматыда Әуезовтің қайтқан күнін еске алды27.06.2020