Времен связующая нить
«ҰЛ ТӘРБИЕСІ – ҰЛТ ТӘРБИЕСІ»
Қазақ даласындағы ең алғашқы футбол командасы 1913 жылы Алаштың астанасы Семей қаласында алашшыл қазақ-татар азаматтарынан құралған екен. Командада 16-18 жастағы мұсылман жігіттері болған. Құрамында қазақ жігіттері де де болғанымен, басым көпшілігі татар халқының өкілдерінен құралғандықтан, команданың атауы Ярыш
, яғни қазақша, жарыс деп аталған. Команда құрыла сала, сол жылы халықаралық кездесу өткізіп те үлгерген, бұл кездесуде біздің командаға қарсы тіпті 1912 жылғы Олимпиада ойындарының екі қатысушысы өнер көрсеткен екен.
Ярыштың
капитаны Юнус Нигматуллин деген татар азаматы өле-өлгенше алашшыл, түрікшіл идеядан таймастан, алашордалықтармен бірге орыс экспансиясына, отаршылдыққа қарсы күресіп өткен нағыз түрікшіл азамат болған.
Ал енді сол алғашқы футбол командасының құрамында КІМ болғанын білесіз бе? Шынымды айтайын, өз басым ұяттымын, осы уақытқа дейін ол кісінің қазақтан шыққан тұңғыш футболшы болғанын білмеген екенмін. Намысқой, заманауи, жаңашыл жанның есімі – ұлы жазушымыз МҰХТАР ОМАРХАНҰЛЫ ӘУЕЗОВ! 16 жастағы бозбала жігіт, болашақта ғұлама ғалым, ұлы жазушы бүкіладамзаттық спорт түрінің қазақ даласына келуіне, оның дамуына тікелей араласып, алғашқы жеңістеріне де ортақ болған. Ғажап емес пе?!
Міне, араға ғасырдан аса уақыт салып, күні кеше ғана еліміздің мәдени орталығы - Алматы қаласының қақ ортасында орналасқан стадион, Абай атындағы Қазақ ұлттық мемлекеттік педагогикалық университетіне қарасты Спартак атындағы стадионға ҚАЗАҚТАН ШЫҚҚАН ТҰҢҒЫШ ФУТБОЛШЫ МҰХТАР ОМАРХАНҰЛЫ ӘУЕЗОВТІҢ есімі берілді. Стадионға ресми түрде ұлы жазушының есімінің берілуіне байланысты бағдарлама аясында Қазақстанның жас футболшылары мен ардагерлер арасында Қырғызстан, Өзбекстан, Украина елдерінен келген командалар арасында Мұхтар Әуезов атындағы ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ТУРНИРДІҢ салтанатты ашылуы өтті. Командалар арасында жазушының шығармашылығына байланысты Қоңыр
, Қараш
, Бүркітші
деген командалар атаулары анадайдан көзге ұрып тұрады екен. Ұлының ұлылығын, шығармашылығын насихаттаудың тамаша бір заманауи үрдісі келді дүниеге!
БАРШАМЫЗҒА ҚҰТТЫ БОЛСЫН, АҒАЙЫН!
Қазанның 28-31 аралығында М. Әуезов атындағы деген су жаңа атау алған спорт алаңында өткен М. Әуезов атындағы су жаңа турнирдің су жаңа жеңімпаздары анықталды. Ардагерлер арасында:
1-орын - қазақ футболының отаны, Алаштың астанасынан келген Семей
командасы;
2-орын - жер жәннаты Жетісу
командасы;
3-орын - Ұлымыздың шығармашылық лақап аты Қоңыр
командасы.
Аса тартысты өтіп, жеңімпаздар пеналтилер сериясы арқылы ғана анықталған жасөспірімдер командалары арасында:
1-орын - Қайрат
командасы (Алматы);
2-орын - Бұхара
командасы (Өзбекстан);
3-орын - Жеңіс
командасы (Петропавл).
-
Времен связующая нить"Тәуелсіздік бәрінен қымбат"06.01.2021"Независимость - самое дорогое"
-
Времен связующая нитьВечные ценности29.12.2020
-
Времен связующая нить«ТӘУЕЛСІЗДІК ТАРЛАНДАРЫ» Деректі фильм.21.12.2020Мұрат Әуезов, Аягүл Миразова, Мәмбет Қойгелдиев
-
Времен связующая нитьТекущая геополитическая ситуация не позволит создать "новую Российскую Империю"14.12.2020Ответ на территориальные претензии к Казахстану со стороны депутатов государственной думы РФ Вячеслава Никонова и Евгения Федорова
-
Времен связующая нитьУниверсальная интеллектуальная модель аль-Фараби19.10.2020
-
Времен связующая нитьСтатья М.О. Ауэзова "Япония"03.10.2020
-
Времен связующая нитьМұхтар Әуезов «ЯПОНИЯ»02.10.2020