Сверх того
Сценарии казахской свадьбы
Свадьба – нужен сценарий для аульной свадьбы Сноска из книги «Времен связующая нить» стр.50
Свадьбу провели, автор сценария – выдающийся впоследствии фольклорист Е.Д.Турсунов
Халық мұрасын қадірлей білейік
Қазақ ССР Ғылым академиясының философия және заң М.О.Әуезов атындағы әдебиет және өнер, тіл білімі институттары жастарының біріккен комсомол ұйымы ұсынған үйлену тойы үлгісінің сүйіп оқитын газетіміз «Лениншіл жас»-тың беттерінде қызу талқыланып, оқырмандар жағынан қолдау тауып отырғанынан қуанбасқа болмайды. Өйткені, бұл жаңа бастамамыздың өміршеңдігінің белгісі. Көзді жұмып тұрып, жақсы болсын, жаман болсын, әйтеуір, «бұрыңғы» дегеннің бәріне бірдей «ескілік», «кертартпа» деген жамау жапсыратын жалған белсенді әдетімізді қоятын мезгіл де жеткен сияқты. Дәстүрдің озығы бар, тозығы бар деп қазекең бекер айтпаған. Үгіт – насихат жұмысының бірталай жылдан бері келе жатқан тәжірибесі, әлде сақталып қалған, әлі де қанатын кең жайып жүрген салт, әдет, кәделердің бәрін бірдей тамырымен жұлып тастау әдісінің айтарлықтай нәтижелі әдіс емес екендігін аңғартты. Ол заңды да, өйткені, ол әдет-ғұрыптардың тамырлары ғасырлар тұңғиығында, халық сана-сезімінің түкпір-түкпірлерінде жатқаны белгілі. Бұлардың ішінде нағыз ескілік, кертартпалары мен бірге бүгінгі өмірімізге жанасымды, жаңа заман талабымен үйлесім тапқан неткен тамаша әдет, дәстүрлеріміз бар десеңізші! Басқасын былай қойғанның өзінде, үйлену тойына байланысты қуаныш үстінде шашу шашудың, қыздар, жігіттер екі жақ болып «Жар-жар» айтудың, ғибратты, өнегелі сөздерді қосып, «Беташар» айтудың, ата-енесін, қайынағаларын, тойға жиналған ақ ниетті дүйім жұртты сыйлап, жас келіннің ізетпен сәлем беруінің т.б. біздің қазіргі заманғы тұрмысымызға үйлеспейтін оғаштығы бар ма? Әлбетте, жоқ. Қайырымды бол, тату бол, жасы үлкендерді, құрбыларыңды сыйла, еңбекті бейнет көрме, айналаңдағыларға сыйымды бол дегендерді керек болса, «Коммунизм орнатушыларының моральдық кодексінен» де табуға болады. Сондықтан да бұл әдет-ғұрыптар халқымыздың өмірінен әлі күнге шейін орын алып отыр. Ал, осының бәрін көз қиығыңа да ілмей, ескіліктің қалдығы деп, аяқ асты қылғанымыз жөн бе екен? Мұны газет бетіндегі пікір алысуға қатысқан оқырмандар Б.Сарбалаев пен Н.Жүнісбаев та тереңінен тебірене айтып өтті. Жаңа әдет-ғұрыптардыенгізу туралы Қазақстан Компартиясы Орталық Комитетінің 1964 жылғы қаулысы мен осы мәселеге арналған республикалық және облыстық конференциялардың материалдарын оқып шыққанымызда, үйлену тойының жаңаша үлгісін жасауға алғашқы түрткі болған ой да осы еді. Сондағы алға қойған мақсатымыз, ел арасында әлі күнге шейін кең түрде сақталып қалған дәстүрлі үйлену тойының үлгісін жаңа заман талабына сай мазмұнмен байытып, жастарға коммунистік тәрбие беру ісіне жарату еді. Той үлгісі, негізінен, қала, поселкелерде тұратын студент, жас маман, жұмысшыларға арналғандықтан, тойға жұмсалатын шығынның құнын неғұрлым арзандатуға, сонымен бірге, тойды мейлінше көңілді өтетін етіп құруға тырысқан едік. Пікір алысу үстінде еңбекшілердің газет бетінде басылған хаттарына қарағанда, бұл бастамамыздың көп сәттерде ойымыздан шыққанын қуанышпен атап өткеніміз жөн. Хат авторларының барлығы да тойдың қазақша өтуін, жас жұбайлардың той үстінде ұлттық үлгісі бар киім киіп, қонақтар арасында сол киімімен дараланып отыруын, «Жар-жар», «Беташар», «Тойбастар»-дың айтылуын, би музыкасы мен күйлердің кезекпен алмасып отыруын, ұлттық ойындардың енгізілуін мақұлдап отыр. Пікір алысуға қатысушылардың өз тарапынан қосқан ұсыныстары да бар.Солардың кейбіреулеріне тоқтала кеткеніміз теріс болмас. Мысалы, Б.Сарбалаев «Беташарға сәлем беруді қосу қажет екені, оны енгізу ешбір ескілікті емес, керісінше, үлкенді сыйлау, енген босағаны, сол үйдің адамдарын сыйлау екені туралы айтқан пікірі өте орынды деп бағалануы керек қой дейміз. Р.Жаманқұлованың да «Жар-жар» жырына халық арасында кең тараған асыл сөздерді пайдалану қажеттілігі туралы айтқан пікірін де еске сақтауға тиістіміз. Әсіресе, Р.Жаманқұлова келтірген: Бір алтын мен бір күміс, Бұс болыпсың, жар-жар, Бір гүл менен бір жұпар Қос болыпсың, жар-жар! – деген жыр шумағы қандай әсерлі! Өкінішке қарай, қазіргі жастардың үйлену тойларында «Жар-жар» деп, орамға келмейтін, не ұйқасы, не тұтқасы жоқ, дәмсіз де келте қайырылған өлең сымақтың айтылып жүретініне қынжылмасқа болмайды. Осы өмірге лайық Семья құрып, Әне келеді екі жас, Топты жарып. Осы д өлең болып па екен? Поэзияға кәрі-жасы бірдей құмар қазақта осыдан тәуірлеу жыр шумағы табылмағаны ма? Туған халқымыздың теңдесі жоқ бай поэзия маржандары қолымызда тұрғанда, қайдағы бір не түйе, не күйе екені белгісіз өлеңсымақтың орнына сол жыр маржандарын кәдеге неге жаратпасқа? Осы игі жұмысқа ақын-жазушыларымыз белсене қатысып, жаңа заман талабына сай «Жар-жар», «Беташар», «Тойбастарлардың» жаңа үлгілерін жасап берсе, нұр үстіне нұр болар еді. Р.Жаманқұлова мен М.Жанаділовтің хаттарында «жас жұбайлардың киімі тұтасымен қазақша болғаны дұрыс» деген пікірі әлі де болса ойлануды керек ететін сияқты. Бұл орайда айта кететін жәй: біз сөз болып отырған той үлгісін нұсқау ретінде қарастырғаннан аулақпыз. Әкім өз қалауы бойынша өзіне ұнаған жерлерін алып, өз жанынан қосары болса қосып, өзгертемін десе өзгертіп, пайдаланса екен деген ниетпен бастырған едік. Сондықтан да тойға жарасымды ұлттық киім киіп барамын деушілерге ешкімнің де бөгет болуына хақы жоқ. Әйткенмен де, осы той үлгісі бойынша Шарапат пен Кенжекей Жапаровтардың үйлену тойын өткізгенімізде, қыз бен жігіттің европаша киіміне қазақи тақия мен қазіргі модаға жақындатыңқырап жасалған сәукеленің өте жарасып тұрғанын байқағанымызды айта кеткеніміз жөн болар. Жаңа әдет-ғұрыптарды ел тұрмысына енгізу жұмысы енді ғана басталып келеді. Осы жұмыстың нәтижелі болуының негізгі шарты – жаңадан шығарылған әдет-кәделердің халық ұғымына, халықтың сана-сезіміне, психологиясына сіңімді болуы жағын естен шығармай, жіті аңғарып отыруында. Жаңа заманға сай жаңа дәстүр, жаңа әдет-ғұрыптардың жастарға коммунистік тәрбие беру мақсатына сәйкес қалыптасуына көмектесу – баршамыздың да абыройлы міндетіміз. Тек бұл игі істің барысында ата-бабаларымыздың ғасырлар бойы жинап, көздің қарашығындай сақтап келген асыл маржандарын шашып тастамай, жас ұрпаққа коммунистік тәрбие беру ісіне пайдалана білейік. Едіге Тұрсынов, Филология ғылымының кандидаты, Қазақ ССР Ғылым академиясының М.О.Әуезов атындағы Әдебиет және өнер институтының ғылыми қызметкері, 22.06.1971.
Жас жұбайлар тойы жарасымды болсын
Қазақ ССР Ғылым академиясының философия және заң, Мұхтар Әуезов атындағы әдебиет және өнер, тіл білімі институттары жастарының біріккен комсомол ұйымы ұсынған үйлену тойы үлгісінің сүйіп оқитын газетіміз «Лениншіл жастың» беттерінде қызу талқыланып, оқырмандар жағынан қолдау тауып отырғанына қуанбасқа болмайды. Өйткені, бұл жаңа бастамамыздың өмірщеңдігінің белгісі. Көзді жұмыс тұрып, жақсы болсын, жаман болсын, әйтеуір «бұрынғы» дегеннің бәріне бірдей «ескілік» дегеннің бәріне бірдей «ескілік» «кертартпа» деген жамау жапсыратын жалған белсенді әдетімізді қоятын мезгіл де жеткен сияқты. «Дәстүрдің озығы бар, тозығы бар» деп қазекең бекер айтпаған. Үгіт-насихат жұмысының бірталай жылдан бері келе жатқан тәжірибесі бұрынғы салт, әдет, кәделердің бәрін бірдей тамырымен жұлып тастауға болмайтындығын аңғартты. Ол заңды да. Өйткені, ол әдет-ғұрыптардың тамырлары ғасырлар тұңғиығында, халық сана-сезімінің тереңінде жатқаны белгілі. Бұлардың ішінде нағыз ескілік, кертарпаларымен бірге бүгінгі өмірімізге жанасымды, жаңа заман талабымен үйлесім тапқан талай-талай тамаша әдет, дәстүрлеріміз бар! Басқасын былай қойғанның өзінде, үйлену тойына байланысты қуаныш үстінде шашу шашудың, қыздар, жігіттер екі жақ болып «Жар-жар» айтудың, ғибратты, өнегелі сөздерді қосып «Беташар» айтудың, ата-енесін, қайнағаларын, тойға жиналған ақ ниетті дүйім жұртты сыйлап, жас келіннің ізетпен сәлем беруінің, тағы басқаларының біздің қазіргі заманғы тұрмысымызға үйлеспейтін оғаштығы бар ма? Әлбетте, жоқ. Қайырымды бол, тату бол, жасы үлкендерді, құрбыларыңды сыйла, еңбекте бейнет көрме, айналаңдағыларға сыйымды бол деген талаптарды «Коммунизм құрылысшыларының моральдық кодексінен» де табуға болады. Сондықтан да бұл әдет-ғұрыптар халқымыздың өмірінен әлі күнге шейін орын алып отыр. Ал, осының бәрін көз қиығына да ілмей, ескіліктің қалдығы деп, аяқ асты қылғанымыз жөн бе екен? Мұны газет бетіндегі пікір алысуға қатысқан оқырмандар Б.Сарбалаев пен Н.Жүнісбаев та тереңінен тебірене айтып өтті. Жаңа әдет-ғұрыптарды енгізу туралы Қазақстан Компартиясы Орталық Комитетінің 1964 жылғы қаулысы мен осы мәселеге арналған республикалық және облыстық конференциялардың материалдарын оқып шыққанымызда, үйлену тойының жаңаша үлгісін жасауға алғашқы түрткі болған ой да сол еді. Сондағы алға қойған жастарға коммунистік тәрбие беру ісіне тарту еді. Той үлгісі, негізінен, қала, поселкелерде тұратын студент, жас маман, жұмысшыларға арналғандықтан, тойға жұмсалатын шығынның құнын неғұрлым арзандатуға, сонымен бірге, тойды мейлінше көңілді өтетін етіп құруға тырысқан едік. Пікір алысу үстінде еңбекшілердің газет бетінде басылған хаттарына қарағанда, бұл бастамамыздың көп сәттерде ойымыздан шыққанын қуанышпен атап өткеніміз жөн. Хат авторларының барлығы да тойдың қазақша өткін, жас жұбайлардың той үстінде ұлттық үлгісі бар киім киіп, қонақтар арасында сол киімімен дараланып отыруын, «Жар-жар», «Беташар», «Тойбастар»-дың айтылуын, би музыкасы мен күйлердің кезекпен алмасып отыруын, ұлттық ойындардың енгізілуін мақұлдап отыр. Пікір алысуға қатысушылардың өз тарапынан қосқан ұсыныстары да бар. Солардың кейбіреулеріне тоқтала кеткеніміз теріс болмас. Мысалы, Б.Сарбалаев «Беташарға» сәлем беруді қосу қажет екені, оны енгізу үшін ескілікті емес, керісінше, үлкен сыйлау, енген босағаны, сол үйдің адамдарын сыйлау екені туралы айтқан пікірі өте орынды ғой деп ойлаймыз. Р.Жаманқұлованың да «Жар-жар» жырына халық арасында кең тараған асыл сөздерді пайдалану қажеттілігі туралы айтқан пікірін де есте сақтауға тиістіміз. Әсіресе, Р.Жаманқұлова келтірген: Бір алтын мен бір күміс, Тұс болыпсың, жар-жар, Бір гүл менн бір жұпар Қос болыпсың, жар-жар! – деген жыр шумағы қандай әсерлі! Өкінішке қарай, қазіргі жастардың үйлену тойларында «Жар-жар» деп, орамға келмейтін, не ұйқысы, не тұтқасы жоқ, дәмсіз де келте қайырылған өлеңсымақтың айтылып жүретініне қынжылмасқа болмайды: Осы өмірге лайық Семья құрып, Келеді әне екі жас, Топты жарып. Осы да өлең болып па екен? Поэзияға кәрі-жасы бірдей құмар қазақта осыдан тәуірлеу жыр шумағы табылмаға...............екені белгісізөлеңсымақтың орнына сол жыр маржандарын кәдеге неге жаратпасқа? Осы игі жұмысқа ақын-жазушыларымыз белсене қатысып, жаңа заман талабына сай «Жар-жар», «Беташар», «Тойбастар»-лардың жаңа үлгілерін жасап берсе, нұр үстіне нұр болар еді. Р.Жаманқұлова мен М.Жанәділовтың хаттарында «жас жұбайлардың киімі тұтасымен қазақша болғаны дұрыс» деген пікірі әлі де болса ойлануды керек ететін сияқты. Бұл орайда айта кететін жәй: біз сөз болып отырған той үлгісін нұсқау ретінде қарастырғаннан аулақпыз. Әркім өз қалауы бойынша өзіне үнаған жерлерін алып, өз жанынан қосары болса қосып, өзгертемін десе өзгертіп, пайдаланса екен деген ниетпен ұсынған едік. Сондықтан да тойға жарасымды ұлттық киім киіп барамын деушілерге ешкімнің де бөгет болуына хақы жоқ. Әйткенмен де, ос той үлгісі бойынша Шарапат пен Кенжекей Жапаровтардың үйлену тойын өткізгенімізде қыз бен жігіттің европаша киіміне қазақи тақия мен қазіргі модаға жақындатыңқырап жасалған сәукеленің өте жарасып тұрғанын байқағанымызды айта кеткеніміз жөн болар. Жаңа әдет-ғұрыптарды ел тұрмысына енгізу жұмысы енді ғана басталып келеді. Осы жұмыстың нәтижелі болуының негізгі шарты – жаңадан шығарылған әдет-кәделердің халық ұғымына, халықтың сана-сезіміне, психологиясына сіңімді болуы жағын естен шығармай, жіті аңғарып тыруында. Жаңа заманға сай жаңа дәстүр, жаңа әдет-ғұрыптардың қалыптасуы – заңды нәрсе. Бұл дәстүр, бұл әдет-ғұрыптардың, жастарға коммунистік тәрбие беру мақсатына сәйкес қалыптасуына көмектесу – баршамыздың да абыройлы міндетіміз. Тек бұл игі істің барысында ата-бабаларымыздың ғасырлар бойы жинап, көздің қарашығындай сақтап келген асыл маржандарын шашып тастамай, жас ұрпаққа коммунистік тәрбие беру ісіне пайдалана білейік. Едіге Тұрсынов, филология ғылымдарының канд. //Лениншіл жас. – 27 июль, 1971ж.
Қуаныш үйі
Жақында Алматыда салынып жатқан Неке сарайы пайдалануға берілді. Бұл жаңа жайдың ашылу салтанатына Алматы облыстық партия комитетінің секретары Т.Қ.Қатаев, қалалық партия комитетінің секретары Қ.А.Ахмето, қалалық Советі атқару комитеті председателінің орынбасарлары И.И.Мұхаметов, Н.Н.Жаворонковалар қатысты. Неке сарайында алғашқы болып жас жұбайлар Тельман Уәкілов пен Рахима Әбзелевалар неке куәлігін алу құрметіне ие болды. Олар осы сарайдың құрылысын салуға қатысқан озат құрылысшылардың бірі еді. Міне жас жұбайларды қуанышпен қарсы алған «жар-жар» аяқталған соң Неке сарайының директоры Г.Б.Сейтқанова құттықтау сөз сөйледі. «Главалмаатастрой» тресі басқармасы бастығының орынбасары Д.Н.Барсуков жас жұбайларға жақсы тілек айта келіп, оларға жаңа пәтердің кілтін табыс етті. Мұнан кейін Неке үйінің баспалдығына жас жұбайлар Мәлік Отарбаев пен Қанзира Өмірбековалар көтерілді. Мәлік те осы үйдің құрылысын салуға қатысқан жұмысшы жас. Ол тас қалаушы, коммунистік еңбектің екпіндісі. Сондай-ақ бұл күні Неке сарайында №2 автокомбинаттың шофері В.Федеренко мен Алматы медицина институтының студенті Л.Терещенко, Қазақстан ЛҚСМ Орталық Комитетінің жауапты қызметкері Ә.Әмірханов пен Қазақтың С.М.Киров атындағы мемлекеттік университетінің студенті С.Қожамұратовалар некеге тіркелу қуанышына ие болды. Жаңа ашылып отырған Неке үйі астанамыздағы көрікті құрылыстардың бірі. Оның ішінде көптеген бөлмелер, кең залдар бәрі әсем көркемделіп, ыңғайлы жасалған. Мұнда тіркеу, күту залдары, гүл, сувенир сататынбұрыштар, фотоателье, тағы басқа мәдени орындар бар. Тоғызыншы бесжылдықтың бірінші жылында пайдалануға берілген бұл жаңа құрылыс астана құрылысшыларының жастарға деген елеулі тартуы болды. Едіге Тұрсынов //Лениншіл жас, 1971ж., 23 ноябрь, №229(7914).
1971 ж. Жаңаша той – тамаша той
Жақында Кеген селосының орталығындағы асханаға күн бата халық көп жиналды. Олардың бәрі де сәнді киінген. Көңілдері шат, жүздері жарқын. Есіктен енген қонақтарды той иелері жылы шыраймен қарсы алып жатыр. Бұлар аудандық халық тетрының көмекші режиссеры Айтбек Сайлыбеков пен осы театрдың артисі Роза Дүйсебаеваның комсомолдық тойына жиналғандар. Қонақтардың ішінде көрші отырған Ұйғыр ауданынан келген құда-құдағилар да баршылық. Аңсаған митнут та жетті. Асхана ішін көңілді әуен, шат күлкі биледі. «Тойбастар» күйі асқақтап барып, бәсеңдей түсті. Осы сәтте есіктен енген екі жасты жиналған топ екіге бөлініп қарсы алды. Жар-жар жатты айтылып, шашу жатты шашылып. Кенеттен қолына үкілі домбыра ұстаған жас жігіт ортаға суырылып шықты да. «беташарды» термелей жөнелді. Жас келін жігіт сөзіне құлақ асып, қазақтың ұлттық салтымен иіліп сәлем берді. Оған жиналғандардың риза болғандығы сондай, дүркін-дүркін қол соғып, құрмет көрсетті. Енді бір сәтте екі жас «П» әрпі тәрізді орналасқан столдың ортасындағы неке куәлігін тапсыру столына қарай аяңдады. Оларды стол басында аудандық ЗАГС-тың меңгерушісі Анархан Әбілова қарсы алды. – Бүгінгі қуаныштың құрметті иелері алдарыңызда тұрған екі жас өмірге үлкен жолдама алып, жаңа отау иесі болып тыр. Сондықтан менің айтарым, жаңа отаудың іргесі мықты, өздері бақытты болып, ата-анасының сенімін ақтасын. Еңбекте абыройлы, өмірде тату-тәтті болсын. Семья – шағын мемлекет деген. Сондықтан да заманына сай, жарасымды той жасап отырған қос құрбының неке куәлігін салтанатты түрде тапсыруға рұқсат етіңіздер, - деді, ЗАГС меңгерушісі. Анарханның сөзін әсем ән мен тәтті күй жалғастырып кетті. Осыдан кейін Айтбек пен Роза, олардың жолдастары арнайы орынарға отырды. Сөйтіп алғашқы тосты көтеру үшін сөз Розаның анасы Ажар апайға берілді. – Қазіргі жастар – бақытты заманның жастары. Оларды мен бақытты деп санаймын. Алдымен бізді осындай қуанышты күнге жеткізген Отаныма мың да бір рахмет. Онан кейін өскелең заман талабына сай жаңаша той ұйымдастырып, оның ыстық-суығына араласып жүрген театр коллективіне, аудандық мәдениет бөлімінің қызметкерлеріне сансыз алғыс айтпақпын. Мен не дейін, қуанғаннан аузыма сөз түспей тұр. Балаларым бақытты болып, осы отырған көпшіліктің сенімін ақтасын демекпін, - деді қарт ана. Мұнан соң қызық думан одан әрі жалғаса берді. Аудандық мәдениет бөлімінен Ш.Көкілов, аудандық ішкі істер бөлімі бастығының орынбасары Ш.Әбділдаев, театр артистері Ж.Әділбеков, Г.Жанәділова, М.Оқапов, «Қызыл ту» совхозының МТМ меңгерушісі Т.Аккасов, СССР-дің халық ағарту ісінің озаты Ө.Жаңабаев, Айтбектің әкесі Жүніс қария, тағы басқа да көптеген тойға келген қонақтар сөз алып, екі жасқа деген ақ тілеулерін шын көңілмен айтып жатты. Үлкен асхананың бір шетінде лотерея ойындары жүрсе, екінші шетінде толқындай үйірілген би болды. Сөйтіп әртүрлі ойындар бірінен соң бірі алма-кезек ауысып, жиналғандарды зеріктірмеді. Иә, мұндай той аудан көлемінде соңғы уақытта жиі өтіп жүр. Сондықтан да халыққа жақсы әсер қалдырды. Жиналғандар әсіресе тойағасы аудандық Мәдениет үйінің директоры Медетбек Өмірзақовтың жан-жақты талант иесі екендігіне сүйсінде. Ол бірде асқақтата ән салса, енді бірде музыка аспабында ойнап, ән-биді қыздырды. Микрофон арқылы айтқан күлдіргі әзілі, жиналғандарды ауық-ауық күлкіге бөлеп отырды. Көңілді өткен әрбір минут жанға ләззат құйып жатты. Сондықтан да жиналғандар мұндай жаңаша той көпшілік арасынан қолдау тауы, бұдан былай жалғаса берсе деген ақ тілекпен тарасты. Құрметті газет оқушылары! Біз бұл тойды елімізде өтіп жүрген жастар тойының қалыптасқан дәстүрі бойынша жасадық. Байқауымша «Лениншіл жаста» жарық көрген үйлену тойының үлгісінен айырмашылығы аз. Сол себепті де – газетте жарияланған үйлену тойының үлгісі өмірге жанасымды деп топшылаймын. Үлгінің өзі өмірден алынған ғой. Біздің тойдың болмашы бір ерекшілігі – неке қағазын той үстінде тапсыру. Бұл өзі үлгіде айтқандай тойға ресмилік емес, салтанаттық береді. Біздің ойымызша, той тек салтанат, думан орны емес, екі жастың семья болғанының кепіл-шарты. Сондықтан тойдың ресми салтанаттық бейне алуының оғаштығы жоқ. Екінші – күйеу мен қалыңдықты және оның жолдастарын әдейі жасалған көзге ұрардай әдемі орындықтарға отырғызуды жөн көрдік. 1971 г. ПРИМЕРНЫЙ ВАРИАНТ НОВОГО СВАДЕБНОГО ОБРЯДА ДЛЯ МОЛОДЕЖИ ЗАГС Оформление комнаты бракосочетания Комната украшена национальным орнаментом: вдоль колоны сверху вниз висят полосы бумаги с орнаментом, на стенах – орнаментальный рисунок, ………….. на темы казахского фольклора, национальный орнамент необходим потому что он скромен, наряден и одновременно с этим современен, придает комнате уютный вид: не даром в последние годы архитекторы стали во все более часто прибегать к орнаменту для украшения зданий. Большие, во всю стену мозаичным панко в комнате бракосочетания нежелательны, так как перед выложенными на стене огромными изображениями фигур человек чувствует себя маленьким, придавленным, мозаичине изображения давят на него своей монументальностью, усилиная ощущение официальности, в то время как цель, преследуемая при оформлении комнаты бракосочетания, должна быть совершенно иной – создать как можно более красивую и уютную обстановку. В комнате должны быть приготовлены для жениха – тюбетейка с прямыми бортами и высокой тульей, а для невесты – саукеле /высокий свадебный колонной убор невесты/, которые надеваются рачушимися на время оформлении процедуры бракосочетания. В фойе играет записанная на магнитофонную ленту музыка торжественных казахских канев / «Көңіл ашар», «Қыз Ақжелең», «Көбік шашқан», «Қосбасар», «Той бастар» и др./ В комнате бракосочетания должен быть магнитофон или проигрыватель: когда молодые входят в комнату, включается магнитофонная запись / лучше – пластинка/ торжественной мелодии «Аукор», исполняемой ни соло на кобызе: приплущенная мелодия «Аукор» звучит все время, пока жених и невеста проходят в комнату и оформляют брачные документы. После того, как молодые поставят подписи на соответствующих документах, мелодия «Аукор» выключается: вместо нее включается легкая, жизнерадостная мелодия поздравительной песни. На фабрике сувениров должны быть изготовлены памятные медали для молодоженов /бронзовые/; для серебряной свадьбы – серебрянне, для золотой свадьбы – золотые /вместо обручальных колец/. После оформления брачных документов молодожены вместе с друзьями и родственниками совершают поездку по наиболее красивым и достопримечательным местам города и за город: здесь, на доне природы в живописном месте можно устроить легкое угошение. Такая небольная поездка снимает ощущение официальности, невольно возникающее при оформлении документов. Свадебный наряд жениха и невесты Свадебный наряд жениха и невесты должен быть современным, но включать декоративные элементы казахского орнамента. Примечание: 1/при ЗАГсе необходимо иметь в продаже узкие бумажные полосы с орнаментальным рисунком для украшения машины жениха и невесты; 2/ приглашения на свадьбу не следует присылать с фотографией молодых: во ЗАГсе необходимо иметь в продаже строго и торжественно оформленные приглашения – формуляры на казахском и русском языках. Перед началом свадьбы Молодежь собирается в доме жениха /в ресторане, в кафе/. Звучит музыка: поочередно быстрая танцевальная, медленная танцевальная, при гости прибывают постепенно – группами и поодиночке на стене висит лист бумаги газетного формата с шутливым заголовком «Сұр бойдақ» каждый из пришедших на свадьбу гостей записывает на этом листе шутливое пожелание молодеженам; умеюшие рисовать могут оставить на этом листе шутливые рисунки. Часть гостей танцует. Пожилые участники свадьбы сидят в стороне беседуя друг с другом. К ним прикрепляется один из джигитов /острослов, домбрист/, развлекающий их игрой на домбре и пением народных песен. Один из джигитов, которому поручена организация игр, развлекает тех, кто не принимает участия в танцах. Той агасы должен точно знать, сколько времени займет то или иное мероприятие или игра. Следует заранее предусмотреть, кто именно будет обслуживать гостей: лучше всего, если это будут джигиты. Каждый из организаторов свадьбы должен четко знать свои функции. Игры не должны быть подвижными, потому что большинство гостей пребывает в состоянии торможения, обычной перед началом многолютного тоя. Среди игр могут быть скороговорки загадки, а также малоподвижные игры /например, «Ушты, ушты», «Көрші», «Мыршым» и др./. Игры должны быть такими, чтобы увлечь людей занимательностью формы, объединит их в группу с стом, чтобы в процессе игры исчезло ощущение отчужденности у гостей, не знакомых друг с другом. Тем временем один джигит в олие девушка, стоя у входа, прикалывают булавками к лапканам пиджаков и к платьям прибывающих гостей небольшие ромбики, из которых поверх крестовидного скифского орнамента написан номер: это билет шуточной лотореи, в которой выйгравший получает не приз, а задание /вспомнить имя первого казахского комсомольца; назвать казахского хана, возглавивщего победоносное наступление против калмыцких захватчиков; назвать имена казахов – Героев Советского Союза; ответить, в каком году был образован комсомол Казахстана; назвать имена выдающихся казахских оратоов – шешенов / или батыров/; ответить, в каком веке они жили и чем знамениты; определить, какому казахскому поету принадлежат указанные в карточке строки; назвать наиболее известные произведения того или иного писателя, сознаться, на какие казахские газеты и журналы подписался в текущем году и тд. Лотарея будет разыгрываться не в начале, а в середине тон/. Приз – подписка не казахские газеты или журналы или сувенир. Тем времены жених отправляется за невестой в сопровождении нескольких человек из числа родственников или товарищей. Той – агасы объявляет об этом гостям и раздает им отпечатанные на машинке или фотографическим способом листки с текстами «Жар-жар» и «Беташар». Он громко и внятно, так, чтобы слышали все, разъясняет, для чего розданы тексты этих песен. Дежурашие у дверей сообщают о скором прибытии молодых. Гости выстраиваются в два ряда, образуя живой коридор. Каждому из них раздается по горсти леденцов, конфетти и серпанитка для шашу. Когда жених и невеста приблизится к дверям, несколько человек из числа организаторов или родственников могут обратиться к тем, кто еще не видел жениха или невесты, за коримдыком. В селе этого жених и невеста заходят в помещение – и гости по анаку той – агасы запевают хором «Жар-жар». Под звуки песни молодые, осыпаемые шашу, доходят до конца живого коридора и поворачиваются к гостям лицом. Из ряда гостей выходит заранее подготовленый джигит о домрой в руках и, приблизившись к молодым, запевает «Бет-ашар». По окончании песни один из друзей жениха дарит солисту домбру /вообще домбру следует сделать традиционным подаркам по любому из торжественных случаев: она и стоит недорого – не дороже среднего подарка; если домбры нет, можно заменить ее чем-либо иным: книгой на казахском языке /или на русском – по истории6 этнографии казахов/, каитанцией с годовой или полугодовой подпиской на казахские газеты или журналы, набором казахских народных и современных песен и кюйев, казахских сувениром, тюбетейкой, книгой по истории комсомола Казахстана и т.д. Начало той Гости рассаживаются за столом. Один из джигитов или кто-либо из девушек, умеющих петь под домбру, выходит на видное всем место и исполняет песню «Той-бастар». Ему также вручается подарок /домбра или что нибудь эквиналентное ей/. Той-агасы объявляет о начало тоя. Той Проходит как обычно. Во время угощения за столом можно устроить айтыс по уйсунскому образцу между сторонами жениха и невесты: побеждает та сторона, которая больше и лучше исполнит песен. Во время перерыва разыгрывается шуточная лоторея /во всех случаях, когда гости к которым обращены вопросы, затрудняются ответить, ведущий громко и внятно отвечает за них. Танцы. Музыка опять чередуется: быстрая танцевальная, медленная танцевальная, функции кюйев в данном случае – напоминание о свадьбе и оживление самолисциплинирующего комплекса ассоциативных представлений, связанных в памяти гостей с ритуалом начала тоя. Гости опять усаживаются за стол. Однако те, кто хочет продолжать танцы или устал сидеть за столом, могут воспользоваться шведским столом, представляющим из себя два сдвинутых вместе стола, на которых поставлены чашки с чаем и десертом: тот, кто хочет выпить чаю, может в перерывах между танцами подходить к столику и выпить чаю и поесть сладости. Таким образом, угошение к танцы происходят одновременно. К чаю спиртные напитки не подаются: гости предупреждаются об этом перед перерывом. Для тех, кто не танцует, устраиваются час 30 мин. Игры: «Мұнданақ», «Тұсаулы асау», «Сусамыр кемпір» и др. В конце свадьбы исполняется песня «Той тарқар» которую исполняет человек. Спевший «Той бастар».
-
Сверх тогоО РЕПРЕССИЯХ26.05.2020
-
Сверх того«Радушно распахнуты двери поэту…»20.05.2020
-
Сверх тогоО самых Родных29.04.2020
-
Сверх тогоCоветский солдат Джанибек Сулеев29.04.2020
-
Сверх тогоМ.Әуезовтің өмір жолындағы Орынбор және Ташкент кезеңдері04.04.2020
-
Сверх того125-летие Ильяса Жансугурова14.02.2020
-
Сверх тогоТіл мен дін – діл дербестігі26.08.2019