Сверх того

Всего статей в разделе: 37
03.03.2017
Просмотров: 2086

Рафат Әбдіғұлов

Қалың кітаптың кішкентай ғана бөлігі

2016 жылдың соңына қарай «Жібек жолы» баспасынан Мұрат Мұхтарұлы Әуезовтің «Времен связующая нить» атты кітабы шықты. Қайта-қайта кітабын шығара беруге анық құмар емес Мұрат ағаның өзі өз боп шығарған ең көлемді кітабы осы. Соның өзінде бар жазғаны емес, таңдамалысы. Көшпелі өркениет табиғаты, тарихы, мәдени байланыстар, ұлттың әдебиеттер мәселелері, заманауи саяси процестер, философиялық, эстетикалық терең ғылыми талғамдар, баяндамалар, эсселер, жолжазбалар, күнделіктер, замандастары туралы ойлары, интервьюлері кітапқа кірген шығармалардың бірқатары ғана. Кітапты оқығанда асығыстық жүрмейді. Үнемі тосып, терең ойларға алаңдап тосыла бересің. Кітап қазақ ғылымына, қоғамдық ойына қосылған зор үлес, жаңа леп. Кітап туралы шолып айтып шығудың өзіне кітап жазып шығу керек. Соның өзінде арнайы талғамы бар мамандар тобы керек болар. Бұл мақалада Мұрат Мұхтарұлының бір қырына ғана, көркемдік қолтаңбасына, оның ішінде күнделігіне, «Мақат» деп берілген 1970 жылдың 11 желтоқсаны мен 29 желтоқсаны аралығында жазған күнделігіне ғана тоқталсақ. 1965 жылы МГУ-дің жанындағы Шығыстану институтын, 1969 жылы СССР ға Әлем әдебиеті институтының аспирантурасын бітіріп келіп Қазақ ССР ға Философия институтына жұмысқа тұрған Мұрат Мұхтарұлы аяқастынан жұмысын тастап Гурьев жаққа, Мақатқа кетіп бара жатыр. Шығарып салғандар Сәтімжан мен Асқар. Сәтімжан Санбаевтың әке-шешесінің үйіне бармақ. Күнделіктің бірінші күнінде «Түсінемін – енді маған барлық ресми мекемелерге жол жабық. Комсомол, партия, мемлекет менің бұл кетісімді кешіре қоймайды» - деп жазыпты. Жас ғалым жүйемен, жүйенің бір бөлшегімен конфликтіге келген сияқты. Күнделікті оқу барысында Мұрат Мұхтарұлының көркемдік, беллетристикалық дарыны бар екеніне анық көзім жетеді. «Из Нового Маката пешком прошел до Старого ... Женщина-карлица, утопая в грязи и весело попискивая, проводила в 1ый аул, где живут Санбаевы... Сижу на перевернутом ведре. Кругом бескрайняя все же степь. На горизонте, вдали плавная линия холмов... У горизонта зависло солнце. Тишина взошла. Все замерло, только синь высот продолжала собранно и деловито наливаться густотой». Осындай суреттемелер, көркем пейзаждар отыз бет шамасындағы күнделіктің өн бойында кездесіп отырады. Дәл, оның, үнемді суреттерде авторлық стиль анық байқалады, қалыптасқан қолтаңба деп айтуға болады. «У горизонта зависло солнце. Тишина взошла. Все замерло, только синь высот продолжала собранно и деловито наливаться густотой. Отчетливо, не больно для глаз, открылся взору солнечный диск, и увидел я лицо нашего чужого бога», - дегендей күрделене түскен, автордың ішкі ойын ашуға қызмет ете бастаған мысалдар да жиі кездеседі. Күнделікте Сәтімжанның әке-шешесінің дәл нақты портреттері жасалған. Аз сөзбен жетпістегі Хамзаның танымды образы. Берілген. Тік жүретін, тік мінезді, пенделіктен ада кеңестік дәуірдің жақсы мағынасындағы ауыл зиялылысы. Хамза баласының кітаптарын, шығармашылық өсу жанын жіті қадағалап отырады. Бәрі ұнай бермейді. Негізінде ұлының орыс тілінде жазатыны. Күнделіктің бірнеше жерінде Хамзаның баласының кітабын оқып отырғаны айтылады. Аз сөзбен, қысқа штрихтармен танымды көркем бейне жасалған. Ал Сәтімжанның анасы толыққанды көркем, реалды образ деңгейіне жеткен. Күнделікте жетпісті еңсеріп қалған Жәнияның әдемі, дәл портреті бар: «У Жании малый размер обуви. Женственная, стройная. И в то же время – сильная, крепкая. Кости рук широкие, широкая ладонь, крепкие большие пальцы. Ладони и пальцы в трещинах. Кожа твердая, плотная. Удивляюсь, как сумела заноза пробиться в ладонь. Я иглой долгго не мог расковырять кожу, чтобы занозу вытащить – такая она была прочная, как кожа верблюда, из которой сделан торсық.» Мұрат Мұхтарұлының Мақатқа дейінгі өмірінің бес жылы Мәскеу мемлекеттік университетінде, тағы үш жылы сонда аспирантурада, бірнеше айы Алматыда академиялық институтта өтті. Енді біраз уақыты Мақаттан оншақты шақырым жердегі жалғыз бөлме (2х2) шағын үйде, Хамза қарайтын объект-будкада өтпек. Мұнда 1970 жылдың 11 декабрінен – 24-не дейін болған. Мұрат қала өмірі бойына әбден сіңген 27-дегі жас жігіт. Күнделікті оқып отырып таң қаласың, жаңа жағдайға, бейтаныс тұрмысқа соншалықты жатырқамай, терең кісілікті мінезбен бірден сіңісіп кеткен. Мұрат ағаның табиғатында көшпелінің, номадтың тереңде жатқан тамырлы негізінің барын шығармашылығынан да, өмірінен де көріп жүрміз. Дала адамына, дала табиғатына, дала өміріне қатысты терең гармония осыдан өрбитін болар. Олжастың «Аз и Я» кітабында благонамеренный деген керемет сөз бар ғой. Дәл осы мінез, айналаға, адамдарға благонамеренно, ақ ниетпен, ақылды кешірімділікпен қарау қасиеті осы күнделікте жас Мұраттың бойынан айқын көрінеді. Күнделіктен тағы бір үзінді келтірейік. Қазақшаласақ бар бояуын бере алмайтын сияқтымыз: «Степной домик-один на Земле. Небо опрокинулось и нависло только над ним. Живут здесь старик со старухой и я. Ко мне протянулись нити Вселенной. Старики – блики Человечества. Мужское и женское начало. Несут в себе и детство, и юность, и зрелость, и угасание. На Жание держится этот мир. Старик, овцы, верблюды и я – без нее обойтись не сможем. Хамза читает книгу сына и тяжело вздыхает. Жания вздыхает, когда устают руки ее и глаза. Временами выходит из домика, оглядывает степь: видны ли овцы. Овцы бродят вдали, рядом с верблюдами – большие запятые и маленькие точки...» Шағын көлемді күнделікте Жәния образы ашыла түседі, тереңдей береді. Адам кеіпкер жанының, психологиясының терең қалтарыстары аз көлемде болған мен өте жоғары көркемдік деңгейде ашылған. Буға тартпаған, сәндемеген. «Маған бұл сапар не берді? Бұл туралы айту әлі ертерек шығар. Басыма не келсе соны жаздым. Өзімді өзім алдағам жоқ. Жәния мен Жәнияның аузынан көп нәрселерді естідім (өте көп). Жақсы адамдардың жақсы өмірін көрдім (Узнал крепкую жизнь крепких людей)» деп күнделіктің 24 декабрьге қатысты жолдарында айтқан. Күнделіктің бір жерінде «жәния жайында әңгіме жаза алар ма екем» десе, күнделіктің соңына алдағы өміріне, жұмысына, шығармашылығына қатысты жоспарының бір пунктінде «бегство – только в другие жанры (о Жание)» деп жазыпты. Хамза мен Жәниядан көп әңгімелер естідім дейдіғой. Ал сондай әңгімелерді қабылдай әркімде әр түрлі. Мұрат Мұхтарұлының қабылдау ерекшелігінде көркемдік қабылдау, көркемдік қорыту мен сұрыптау айқын байқалады. Жәниялардан естіген Дәмір жайлы бір әңгімесінің желісін Мұрат Мұхтарұлы күнделікке түсіріпті: «Бала-жетім. Шешесі татар. Әкесі-жергілікті оңбағандардың бірі. Әйелін емшектегі баласымен тастап кеткен. Әйел бақытсыздыққа ұшырайды. Аяғын қайырып алып ақсақ болып қалады. Бала детдомда өсті. 16 жасқа толғанда паспорт ала алмайды. Осы маңда әкесі бар деп Мақатқа келді. Әкесі одан бас тартты. «Менің балам өлген. Менде бала жоқ.» Адамдар баланы Хамзаға жіберді. Бала олардың (Хамзаның) үйінде тұрып қалды. Малға қарасты. Сәтімжан ауруханада (Ялтада) жатқан, Хамит әскерде болатын. Дәмір Нұханмен достасып, кіші қыздарға аға болды. Хамза оған паспорт алып беріп, жұмысқа тұруға көмектесті. Дәмір айына 100 сом ала бастағанда әкесі оны өзіне алды. Дәмір еңбекақысының бір бөлігін шешесіне жібере бастағанда әкесі ашуланды. Дәмірді ұрып тастады. Ол қонатын үйсіз қалды. Санбаевтарға қайта баруға ұялды. Нұрхан оны алып келді. Қайтадан жақсы жұмысқа орналастырды. Бірде жазда шешесіне кетті. Ұзақ уақыт жоқ болып кетті. Шешесіне еңбеккүн тауып жүрді. Далада өртке тап болып күйіп қалды. Жұмысқа алмады. Әскерге алды. Солтүстікте болды. Жараларынан қан кетті, үйіне қайтарды. Сәтімжанның кеңесімен милицияға тұрды. Ұзын сирақты, бойы екіадамдай. Үнемі әкесіне барып тұрады. Ол оны салқын қабылдайды. Шешесіне барып тұрады. Үйленген жоқ. Жаралары жазылды. Санбаевтарға келіп тұрады. Оларға разы. Келіп «Іс бар ма?» деп сұрайды. Жәниялар бұл тарихты, әрине «өздерінше» айтқан. Анағұлым көлемді болу керек. Бұл Мұрат Мұхтарұлының өзіндік көркемдік қабылдауы. Сұмдық трагедиялық, реалистік баян, керемет дайын сюжет. Көлемді повест, тіпті романдық материал. Аз күнде Хамза мен Жәниядан көптеген аңыз – әңгімелер естіп біразын қысқаша күнделікке түсірген. Солардың бірі сорларда болатын «Мұнайдың иесі» Шимұрын туралы. «губит людей в сорах. Мучит. Следов не оставляет. Скот его видит. Человек видит только длинную серую фигуру без рук, не идет, а скользит быстро-быстро по земле. Таким видела его Жания дважды. Однажды направилась подоить верблюдицу. Была лунная ночь. Сзади шел ее нағашы. Вдруг прямо из-под ног поднялся долговязый серый человек и пошел перед ней, спрятался за верблюдицей. Та, обычно спокойная, взволновалась, прокричала. Жания шла и ругала серого неизвестного: «Это кто еще такой, не воровать ли вздумал!» Тот заскользил по траве. Пощла за ним. Видит высоченный, выше столбов, быстро-быстро ускользает вдаль. Спросила у нағашы, видел ли тот. Да,м видел. И не смог за вами идти. Отнялись ноги. В Макате каждый год Шимұрын кого-нибудь убивает». Осындай әңгімелерге жоғарыдан білімгерлікпен қарамай-ақ табиғи қабылдайды. Олардың Шимұрын туралы әңгімелеріне сенемін дейді, сенгісі келеді. Шимұрын тақырыбынан философиялық ойлар өрбітеді. Саналы өмірі өте үлкен қалада, ғылыми ортада өткен жас Мұрат Мұхтарұлы мүлдем ғалымсынбайды, табиғаттың бел баласы қалпын сақтайды. Бір жұмысында айтқан «Говорить о непривычном привычными словами» деген ұстанымынан айнымайды. Күнделікте жас Мұраттың әкесі туралы ең алғашқы дерлік пікірі бар: «Во время поездок на Иссык-Куль и загородных выездов я впитывал его манеру говорить, думать, ходить, и сами слова его проникали в душу мою. Не боготворил его. Никогда, пожалуй, не считал вполне своим. Кроме последних дней в Кунцево. Хорошая была перспектива: моя поездка по аулам и встречи с ним на Иссык-Куле» Күнделікте «Жас тұлпар» жайлы осы жерден кейін бір айтып қалды да қайта оралмайды. Комсомолдың, қоғамдық жұмысты қою керек. Лекциялардың, белсенділіктің керегі жлқ. Тек жұмыс – кітапханада, үйде. Аптасына бір күн достармен кездесу. Қалған уақыт- жұмыс, жұмыс, жұмыс. Көшпелілер туралы әдебиетті қарау. Мүмкіндігінше бәрін: фантастикалық, жалған, жау пиғылда болса да. Асанның өлеңдерін, Қорқыт туралы кітапты, Абайдың өлеңдері мен қара сөздерін мұқият оқу. Зар-заман ақындарының шығармашылығымен жақынырақ танысу. Бұл Мақаттағы алғашқы аптада жазғандары. Күнделіктегі мемлекет, партия туралы ойларды оригиналынан берейік: «Наше государство, во многом, аппарат просто бессмысленный. Не уверен, что оно само себя понимает. Не уважаю это государство. Ненавидеть его не могу. Разве можно ненавидеть нелепое?.. Партия – хорошо это или плохо? Меня эта партия не интересует. Игра, не более. Играют в политику, во власть. На деле орган выяснения отношений между перезревшими детьми. И с этой функцией справиться не в состоянии. Не естественно. Не по природе. Партия в наших условиях – орава самых горластых, самых корыстных детей – негодяев... Нет, не так! Существует государство, существует партия. Ну и господь с ними, пусть существуют. Кто-то когда-то дал им право на жизнь. Мне они не враги, хотя убить меня они не только могут, но и постараются как можно быстрее. Я им не враг. Я никому и ничему на свете не враг. Я – свой. Пусть все побудет как есть» Бұл 1970 жыл. Сол жылдарды ғой «кемелденген социализм» деп атағаны. «Өзіне сұрақ қояды: Сен дәл қазір қазақтар егемендік ала салғанын қалар ма едің? - мағынасыз сұрақ. Қазірде, ешқашан да егемендікті силап бере салмайды, ол үшін күреседі, халық ерікті, еркін болу қабілетін қалыптастырады. Ұлттық намысты, адамдық намысты жою. Орыс патшаларының отаршылдық жоспарларын іске асыру. Біздің жерімізді, біздің байлығымызды олар біздің мақсаттарымыз үшін емес, өз мақсаттары үшін пайдаланады. Коммунизм – ыңғайлы жарнама». Бұл 1970 жыл. Алматыға қайтар алдында 1971 жылы январь айынан бастап өзін дамыту жұмыстарымен айналысу жайында айтып «Қазақ тілін меңгеру. Арнайы дәптер бастап сөз тіркестерін, қолданылу түрлерін, қазақ тіліндегі ойлау құрылымдарын түсіру. Орыс тілі мен жұмыс істеу. Интонациялар диапазонын кеңейту. Дәл, нақты, қатаң стиль. Сөздік қорын байыту. Бастысы – сөзді дәл қолдану» – деп жазған. Күнделіктің соңына қарай алдағы жылдың мақсаттарын айтып, пунктеп жоспар жасаған, өзіне мінездеме берген. Толстой, Чеховтардың өздеріне берген мінездемелері бар ғой. Солардың шағындау үлгісі сияқты. Қаталдау жазған. Өз-өзіне «бұл сапар не берді» деп сұрақ қояды. «Я возвращаюсь Муратом, в улучшенном несколько виде (ремонт, но не капитальный),» - деп жауап береді. Жан жылуын да аямаған, өздері тоңса да бар жылысын Мұраттың үстіне жапқан қарияларға батасын алып «Денсаулық тіледім – басқа барлық байлықтарыңыз бар» дедім. Адал дастархандарыңызды ақтармын дедім тағы. Қалың кітаптың кішкентай ғана бөлігі, Мұрат Мұхтарұлының жас кезіндегі қолтаңбасы жайлы аздап қана айтылды. Қазақтың қоғамдық, эстетикалық, философиялық ойын әлемдік деңгейге көтерген іргелі жұмыстар жайлы маман талдаулар әсіресе қазақ тілінде керек – ақ.

Әбдіғұлов Рафат //Қазақ әдебиеті.-20.01.2017.- №2(3532).-9б.