Экспедиции «БУГОР»

Всего статей в разделе: 40
Экспедиции  «БУГОР»
23.09.2017
Просмотров: 867

23-қыркүйекте Алматы облысы, Кербұлақ ауданы, Басшы ауылында Мұхтар Әуезовтің 120 жылдығына арналып жазушының атындағы бақ ашылды. Бақтың ашылу рәсіміне атамыздың немересі Зифа-Алуа Мұратқызы Әуезова, ҰҒА академигі, ақын, әуезовтанушы Бауыржан Жақып, тағы басқа ғалымдар мен ақын-жазушылар, ел ақсақалдары қатысты. Баққа жаз айларында әппақ әдемі гүл жаратын 120 сән ағашы отырғызылған. Бак отырғызу кәсібімен ондаған жылдар бойы айналысып келе жатқан Гүлзар қоғамдық бірлестігінің құрылтайшысы Гөзел Құлжабаева ұлы адамдар атындағы бақ ашу идеясының қалай басталғандығы туралы былай дейді: Францияға алғаш барғанымда, сондағы достарым қаланы таныстырып жүріп, Наполеонның басына алып барды. Ол жердің үрдісі бойынша, ескерткішке жақындамас бұрын, бес рет басыңды иіп, тағзым етуің керек екен. Сонда өзімеайдаладағы француздың қолбасшысының алдында басымды бес рет жерге тигізіп иілгенше, өзімнің ұлы Абайымның басына неге тәу етпеймін?!деп, келе сала, атамыздың басына баруға дайындалдым. Сөйтіп, Абай атындағы бақ ашу идеясы келді. Содан 170 түп емен көшетін арқалап, Бөріліге келгенде, жергілікті биліктен қолдау таппай, көшеттерімізді қайта арқалап, өзімнің туған жеріме әкеліп отырғызып, зиялы қауымның басын жинап, салтанатты түрде Абай атындағы алғашқы атаулы бағымызды аштық